Экономика
Қазақстан 10 млрд теңгеге қоқыстарды сұрыптау зауыттарын салуды жоспарлап отыр
Алматы. 3 қазан. 7kun.kz - Жоспар бойынша 2020 жылға дейін Қазақстанда 10 млрд теңгеден астам қаражатқа қалдықтарды сұрыптайтын зауыттар салынбақ.
Қалалық табиғи ресурстарды басқару саласында атап өтілгендей, екі зауыттың құрылысы 2019 жылы басталады.
Бір зауытты «ГорКомТранс» компаниясы Қарағандыда салуды қолға алды. Жобаның құны 2 млрд теңге.
Екінші кәсіпорын Кеңгір ауылында пайда болады. Онда Kaz Green Energy 8,2 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қайта өңдеу қуаты 100 мың тоннаға дейін жетеді.
Басқа өңірлерде де қалдықты қайта өңдеу зауыттарын салу жоспарда бар.