Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстан жалпы құны 160,6 млн доллар болатын 72,4 мың тонна тоқыма бұйымдары мен материалдарын экспорттады.
2017 жылдың 11 айымен салыстырғанда нақты көлемде жеткізілім 0,01%-ға төмендеді, ал ақшалай мәнде 17,1%-ға қысқарды.
Қазақстандық жеткізілімдердің ең көп көлемі Қытайға (72,4 мың тонна 160,6 млн доллар) және Ресейге (15 мың тонна 36,4 млн доллар) тиесілі.
Сонымен қатар, 13,7 мың тонна Латвияға (23 млн доллар), 11,9 мың тонна – Молдоваға (20,4 млн доллар), 2,1 мың тонна – Түркияға (3,4 млн доллар), 1,8 мың тонна – Беларуське (3,4 млн доллар) жіберілді.
Сондай-ақ, Литва 1,7 мың тонна (5,1 млн доллар), Қырғызстан – 1,5 мың тонна (4,9 млн доллар), Өзбекстан – 1,2 мың тонна (2,1 млн доллар), ал Моңғолия – 440,1 тонна (140,2 мың доллар) қазақстандық тоқыма өнімдерін сатып алды.
Өз кезегінде Италия осы өнімнің 199,8 тоннасын 1,3 млн долларға, Тәжікстан – 208,5 тоннаны 286,9 мың долларға, Германия – 79,3 тоннаны 278,6 мың долларға, ал Украина – 75 тоннаны 296 мың долларға сатып алды.