Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 2016 жылы орта және шағын бизнесті несиелендіруге 65 млн теңге қарыз алады

Қазақстан 2016 жылы орта және шағын бизнесті несиелендіруге 65 млн теңге қарыз алады

Қазақстан үкіметі 2016 жылы орта және шағын бизнесті қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 65 млрд теңге көлемінде (доллар курсы 326,38 теңге) қарыз алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"2016 жылы орта және шағын бизнесті несиелендіру мақсатында халықаралық қаржы орталықтары Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және Дүниежүзілік банктен 65 млрд теңгеден аса қаржы алады", - деді Е. Досаев дүйсенбі күнгі парламент мәжілісінде. Анықтама материалдары бойынша Дүниежүзілік банк пен АДБ-дан 30 млрд теңге, ал ЕҚДБ-дан 5 млрд теңге қарыз алынады. "Бизнес жол картасы-2020" бағдарламасы аясында орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында 2015 жылдың 11 желтоқсанында Үкімет  аймақтардың айналым қаржысын толықтыру үшін кредиттік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 7,2 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлу туралы қаулыны қабылдады. Ал келесі жылы инвестициялық кредит кепілдігі мен субсидия үшін 7 млрд теңге бөлінеді", - деді ұлттық экономика министрі. Фото: ixinews.kz

Похожие материалы