Қазақстан. 12 шілде. 7kun.kz – Қазақстан 2025 жылғы қаңтарға қарай +997 жаңа телефон кодына толығымен көшеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ведомствоның мәліметінше, елімізде байланыс желілерінде +997 телефон кодына көшу жоспары әзірленіп, бекітілген. Қазақстан бұл кодты 2021 жылы иеленген болатын.
Электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, көшу кезінде елдің қолданыстағы +7 және жаңа коды қатар екі жыл бойы пайдаланылуы мүмкін.
Халықаралық интернет-платформаларды жаңа телефон кодтарына ауыстыру туралы ведомство әртүрлі мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде сәйкестендіру кезінде халықтың абоненттік нөмірін өзгерту мәселесін осы қосымшалардың иелерімен пысықтау жоспарланғанын атап өтті.