Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 40 млрд теңгеге жаңа спутник құрастырады

Қазақстан 40 млрд теңгеге жаңа спутник құрастырады

Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан 2020 жылы KazSat-2R спутнигін құруды бастайды. Бұл туралы цифрлік даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.

"Біз бүгінде спутниктің бейнесіне сәйкес ТЭН-мен айналысудамыз, содан кейін тиісті конкурстық рәсімдер өткізіледі. ТЭН құны шамамен 40 миллиард теңгені құрайды", - деді министр.

Асқар Жұмағалиев сөзінше, көрсетілген қаражат спитник үшін және жер серігі қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажет жердегі жүйелермен байланысты басқа да шығындарға жұмсалады.

Сондай-ақ, ол құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, кейінірек конкурс жарияланатындығын, содан кейін бас мердігерді анықтайтынын атап өтті.

Похожие материалы