Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстаннан бидай мен меслин экспорты 3,3 млн тоннаны құрады. Бұл көлем 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға төмендеді.
Жеткізілген бидайдың жалпы құны 608,4 млн долларды құрады, тауарлар экспортынан түскен табыс 15,5%-ға өсті.
Өзбекстанға астықтың ең көп көлемі 211,8 млн долларға 1,3 млн тонна бидай тиелді. Тәжікстан 108,1 млн долларға 578,5 мың тонна, Қытай – 50,2 млн долларға 237,5 мың тонна, Әзірбайжан – 43,6 млн долларға 227,9 мың тонна, Түркменстан – 33,4 млн долларға 176,3 мың тонна, Түркия – 28,9 млн долларға 140,9 мың тонна, ал Ауғанстан – 25,3 млн долларға 135 мың тонна астық сатып алды.
Өз кезегінде Италия 23,6 млн долларға 112,8 мың тонна бидайды, ал Ресей – 103,6 мың тоннаны 22,6 млн долларға сатып алды.
Сондай-ақ, Қазақстан жеті айда 833,4 мың тонна ұнды 180,7 млн долларға сатты. Бұл тауардың негізгі сатып алушылары Ауғанстан (111,9 млн долларға 486,3 мың тонна) және Өзбекстан (39,4 млн долларға 221,6 мың тонна) болды.