Америкалық Global Finance Magazine басылымы әлемдегі ең бай елдердің рейтингін жариялады. Рейтинг Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының негізінде жасаып, оған 185 мемлекет кірді.
Басылым рейтингті жасау барысында халықтың сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін, өмір сүрудің салыстырмалы құны мен елдегі инфляцияның деңгейін негізге алған.
Тізім бойынша ең бай елдердің көшін Катар бастады(146 000 доллар). Екінші орында - Люксембург (94 167), үшінші орында - Сингапур (84 821).
Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасында ең бай мемлекет ретінде Литва (41-орын) мен Эстония (42-орын) болды. Ал Қазақстан Венгрия мемлекетінен (25 406 доллар) кейін 50-орында тұр. Мемлекттің көрсеткіші - 25 367 доллар. Ресей мен Латвия 51 және 52-орында (25 350 және 25 195 доллар). Әзірбайжан мен Беларусь - 64 және 65-орында. Түркменстан 77-орынға жайғасты. Аталған тізімде Украина (109-орын), Армения (116), Өзбекстан (127), Молдова (132), Қырғызстан (142) және Тәжікстан (153) бар.
Сондай-ақ, Global Finance Magazine жариялаған әлемдегі ең бай елдің ондығына Бруней, Кувейт, Норвегия, Біріккен Араб Әмірлігі, Гонконг, АҚШ, Швейцария кірді.