Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан алтын қорын 29 млрд долларға толықтырды

Қазақстан алтын қорын 29 млрд долларға толықтырды

Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанның халықаралық резервтері 1 наурызда 88,2 млрд долларды құрады.

Бас банктің басшысының айтуынша, Ұлттық қордың активтері 59,0 млрд доллар, ал алтынвалюта резервтерібойынша 29,2 млрд доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер 88,2 млрд долларды құрады.

Сонымен қатар, Досаев кредит беру нарығының қалпына келіп жатқандығын айтты. 

«2019 жылғы  қаңтарда  898 млрд теңге сомаға жаңа  кредиттер берілді, бұл өткен жылғы осындай кезеңнен 8,2%-ға көп. Кредиттік портфель 2019 жылғы  қаңтардың соңында 12,5 трлн теңгені құрады», - деп түсініктеме берді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Ол кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме 2018 жылдың басындағы 13,2%-дан 2019 жылғы  қаңтарда 12,4%-ға дейін төмендегенін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша мөлшерлеме 12,9%-дан 12,3%-ға дейін, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша 14,3%-дан 13,8%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

«Экономиканың басым секторлары үшін 600 млрд теңге сомаға ұзақ мерзімді ресурстар беру міндеті шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі Үкіметпен және банктермен бірлесіп жобаларды қаржыландыру тетіктерін әзірледі. Қазіргі уақытта олар іске асырылуда. 2019 жылғы  1 наурызда екі банктің 25 млрд теңге сомаға облигациялары сатып алынды», - деді Е. Досаев.

Похожие материалы