Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан астық экспортын 64%-ға ұлғайтты

Қазақстан астық экспортын 64%-ға ұлғайтты
Алматы. 11 қазан. 7kun.kz - Қазақстандық астық экспорты 2018 жылдың басынан бастап 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64%-ға өсті. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. Иманқұловтың ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың тоғыз айында астық тиеу 7,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы сәйкес көрсеткіштен 43%-ға артық. Сонымен қатар, республика ішінде 1,9 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3%-ға жоғары. "Экспортқа 5,9 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артық. 2,3 млн тонна ұнтақталған өнімдер, оның ішінде 1,7 млн тонна экспортқа тиелді. Жалпы, ағымдағы жылдың соңына дейін 10,8 млн тонна астық тасымалданады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 27%-ға жоғары. Ұнтақталған өнімдерді тиеудің болжамды көлемі 3,5 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде экспортқа 2,5 млн тонна, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді", -  деді Руслан Иманқұлов. Оның айтуынша, қазақстандық астық пен ұн экспортының дәстүрлі бағыттары Орталық Азия елдері, Иран, Ауғанстан, Қытай және Ресей болып табылады. Бұл ретте барлық негізгі бағыттар бойынша экспорттың өсімі 70%-ды құрады.

Похожие материалы