Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан аумағына қанша ет әкелуге рұқсат етіледі?

Қазақстан аумағына қанша ет әкелуге рұқсат етіледі?

Алматы. 5 қыкүйек. 7kun.kz – Қазақстан тарифтік квоталар аясында елге 161 мың тоннадан аспайтын ірі қара мал мен құс етін кіргізе алады, деп хабарлайды Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК).

Ақпаратқа сәйкес, елге 21 мың тонна ірі қара мал еті мен 140 мың тонна құс етін импорттауға рұқсат етілді. Мұндай көлем Дүниежүзілік сауда ұйымының тарифтік мінеттемелерімен қарастырылған.

Салыстыру үшін айта кетсек, Ресейге 570 мың ірі қара мал еті мен 364 құс етін әкелуге рұқсат берілген.

Статистика мәліметтері бойынша, 2018 жылдың 7 айында Қазақстан 12 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдерін экспорттаған. Яғни, бұл 7,3 мың тонна ірі қара мал еті мен 4,7 мың тонна құс еті.

Похожие материалы