Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан аумағына қанша ет кіргізуге болады?

Қазақстан аумағына қанша ет кіргізуге болады?

Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан үшін етке жаңа тарифтік квоталар бекітілді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мәліметінше, Қазақстан 140 мың тонна құс етін және 21 мың тонна ірі қара мал етін импорттай алады.

Ресей үшін келесі жылы тарифтік квоталар көлемі 570 мың тонна ірі қара мал етін, 430 мың тонна шошқа етін, 364 мың тонна құс етін, 15 мың тонна сүт сарысуын құрайды.

ЕЭК Қырғызстан 56 мың тонна құс етін, 7 мың тонна ірі қара мал етін және 3,5 мың тонна шошқа етін импорттай алады деп атап өтті. Белоруссия үшін тарифтік квоталар көлемі 2019 жылы 20 мың тонна шошқа еті, 10 мың тонна сүйегінен ажыратылған құс еті, 0,9 мың тонна күркетауық еті болады.

Похожие материалы