Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан БҰҰ Жоғары деңгейлі Сегменті шеңберінде жұмысын жалғастырды

Қазақстан БҰҰ Жоғары деңгейлі Сегменті шеңберінде жұмысын жалғастырды

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған делегация Женевадағы БҰҰ Жоғары деңгейлі Сегменті шеңберіндегі жұмысын жалғастырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Майкл Мёллермен кездесу барысында қазақстандық дипломат жаһандық ұйымның мақсаттарын қолдауды және өзгермейтін айнымастықты растады. Қазақстан Ливандағы бітімгершілік күштер құрамына әскери қызметкерлерді жіберді, Астана 2018 жылдың қазан айында денсаулық сақтау бойынша дүниежүзілік конференциясын және Діни көшбасшылар Съезін қабылдады, Алматы қаласында БҰҰ Хабының құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Біздің ел БҰҰ күнтізбесіндегі қарусыздандыру мәселесіне, соның ішінде ядролық қарусыздандыру, биологиялық қауіпсіздік және қарапайым қарулануды қысқарту мәселелеріне едәуір үлес қосады", - делінген хабарламада.

БҰҰ жоғары лауазымды өкілі Ұйым идеалдарын белсенді ілгері бастырғандығы, аймақтық деңгейде тұрақты дамыту мақсаттарын іске асырғандығы үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Е. Ашықбаев ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведомен болған кездесуде 2020 жылғы маусымда Астана қаласында жоспарланған ДСҰ 12-ші Министрлік конференциясын дайындау мәселелері талқылады.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Фрэнсис Гарримен кездесу барысында, ДЗМҰ тарапынан техникалық жәрдемдесу бойынша жобаларға ерекше назар аударылды.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Аға комиссары Филиппо Грандимен кездесуде тараптар босқындар туралы Жаһандық келісім перспективаларын, ізгілік дағдарыстарға ықпал етуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның белсенді рөлін талқылап, сондай-ақ Алматыда БҰҰ-ның аймақтық Хабын құруда Босқындар ісі жөніндегі Басқармасының қатысу маңыздылығын атап өтті.

Похожие материалы