Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан баға өсімінен ЕАЭО-да көш бастады

Қазақстан баға өсімінен ЕАЭО-да көш бастады

Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда жылдық инфляция Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары болып қалды.

2019 жылдың қазан айында елдегі баға 2018 жылдың қазанымен салыстырғанда 5,5%-ға өсті. Бұл деңгей ЕАЭО-да ең жоғары болды.

Беларусьте қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 5,3%-ды, Ресейде – 3,8%-ды, Қырғызстанда - 2,6%-ды, Арменияда - 0,9%-ды құрады.

Атап айтқанда, Қазақстанда азық-түлікке бағаның ең көп өсуі тіркелген - бір жыл ішінде 9,7%. Беларусьте бұл көрсеткіш 5,7%-ға, Қырғызстанда – 4,5%-ға, Ресейде - 4,2%-ға, Арменияда - 0,5%-ға жетті.

Сонымен қатар, Қазақстанда азық-түлік емес тауарлар да қымбаттады - 5,2%. Беларуссияда өсім - 3,4%, Ресейде - 3,2%, Арменияда - 1,2%, Қырғызстанда - 0,5% болды.

Жалпы, ЕАЭО-да жылдық инфляция 3,9%-ды құрады, 2019 жылдың басынан бастап - 2,5%.

Похожие материалы