Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан бензині ең арзан елдер ішінде 11-ші орында

Қазақстан бензині ең арзан елдер ішінде 11-ші орында

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан бензин бағасы бойынша әлемдік рейтингтің 11-ші сатысына түсті.

Бұған дейін еліміз Global Petrol Prices басылымының рейтингінде үздік ондыққа енген.

Сарапшылардың пікірінше, елдегі отын орта есеппен 1 литр үшін 0,48 долларға сатылады. Бұл Әзірбайжан ($ 0,47) және Түркіменстанға ($ 0,43) қарағанда біраз қымбатырақ.

Өзбекстанда (16-орын) мұнай өнімдерінің бір литрі 0,55 доллар тұрады. Сонымен қатар, Қырғызстанда (24-орын) және Ресейде (23-орын) отынның бағасы 1 литрге 0,66 долларды құрады. Белоруссияда (25 орын) бензин бағасы сәл жоғары - 1 литріне 0,67 АҚШ доллары.

Үздік үштікті Венесуэла ($ 0,01), Иран ($ 0,29) және Судан ($ 0,34) иеленді. Ең қымбат бензин Гонконг ($ 2,17), Исландия ($2,11) және Норвегия ($2,06) елдерінде болып отыр. Қазіргі уақытта отынның орташа бағасы 1 литр үшін 1,17 АҚШ долларын құрайды.

Похожие материалы