Экономика
Қазақстан бескүндік оқу аптасына өтеді
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан кейін еліміз бес күндік оқыту жүйесіне көшеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.
"Бескүндік апта. Менің ойымша, бұл өте жақсы тапсырма. Дайындыққа қанша уақыт керек? Меніңше, көп емес. Алдағы айда бұл туралы нақты айта аламыз. Жаңа жүйеге өту үшін үш-төрт жыл керек. Президент тапсырма берді, енді орындалуын күту қажет",-деді Е.Сағадиев.
Н.Назарбаев Парламент палатасының отырысында оқу аптасын қысқартуды ұсынған еді. Оның сөзінше, қазіргі оқушыларға тым көп тапсырма беріледі. "Біз пәндер өте көп. Кейде қажеттіден де көп. Кейбір пәндерді біріктіруге немесе алып тастауға болады. Осы мәселені жақсылап зерттеу керек",-деп атап өтті ол.