Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ЕАЭО-да көші-қон ағыны бойынша көш бастап тұр

Қазақстан ЕАЭО-да көші-қон ағыны бойынша көш бастап тұр

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстанда көші-қон ағыны 29,1 мың адамды, Арменияда – 18,5 мың адамды, ал Қырғызстанда – 5,4 мың адамды құрады.

Бұл ретте Беларусь (9,3 мың адам) пен Ресейде (124,9 мың адам) өткен жылы керісінше өсім байқалды.

2018 жылы Қазақстаннан 41,9 мың адам кетсе, 12,7 мың адам келді. Армениядан 28,7 мың адам кетіп, 10,2 мың адам келді, ал Беларусьтен 15,2 мың адам кетіп, 24,6 мың адам келді.

Өткен жылы Қырғызстаннан 7,1 мың адам кетіп, 1,7 мың адам келді, ал Ресейден 440,8 мың адам кетіп, ал тұрақты тұруға 565,7 мың адам келді.

2018 жылы Халықтың көші-қон өсімі 2017 жылмен салыстырғанда Беларусьте 2,4 есе өсті, Ресейде 41,1%-ке қысқарды. Халықтың көші-қон ағыны Арменияда – 21,3%-ке азайды, Қазақстанда 34,6%-ке, Қырғызстанда – 37,3%-ке ұлғайды.

Похожие материалы