Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан экономикасы 3,5%-ке өсті

Қазақстан экономикасы 3,5%-ке өсті

Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанның экономикалық өсімі ақпан айында 3,5%-ке дейін артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов жалпы осы жылғы екі айдың қорытындылары бойынша ЖІӨ серпіні жылдамдағынын, инфляция нысаналы дәлізде сақталып отырғанын, инвестициялар қайта өсе бастап, халықаралық қорлар тұрақты деңгейде тұрғанын атап өтті.

«ЖІӨ өсуі 3,5%-ға дейін жылдамдады. Қаңтарда ол 2,9% құраған болатын. Мұндай серпін тауарлар өндірісінің өсуімен, сондай-ақ қызмет көрсету секторының өсуімен қамтамасыз етілді», — деді ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар, инвестициялар серпінінде өзгеріс болды. Егер ол өткен айда төмендесе, есепті кезеңде олардың өсімі 4,2% құрады. Өсу машиналар мен жабдықтарды сатып алумен, сондай-ақ «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының компрессорлық станциясының құрылысымен байланысты.

Өнеркәсіп өндірісінің өсуі қаңтар–ақпанда 2,7% құрады. Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр. Өндіріс көлемі 3,6% ұлғайды. Өсім мал шаруашылығындағы өндірістің 3,8% өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды.

Құрылыс секторының серпінінде кері бұрылыс болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2%-ға ұлғайды. Жалпы қызмет көрсету саласы озық қарқынмен өсуде. Есепті кезеңде ол 3,9%-ға өсті. Айтарлықтай өсім саудада 7,6% деңгейінде белгіленді. Көлік саласында өсім 4,4%-ға дейін жылдамдады. Бұл көбінесе жүк тасымалының артуына байланысты.

Похожие материалы