Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан экономикасы жыл басынан бері қалай өзгерді

Қазақстан экономикасы жыл басынан бері қалай өзгерді

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz - Статистика комитеті 2019 жылдың қаңтар-шілдесіндегі Қазақстан экономикасының кейбір көрсеткіштерін ұсынды.

2019 жылғы қаңтар-шілдеде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2018 жылғы қаңтар-шілдеге 104,4%-ды құрады.

Комитеттің хабарлауынша, 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,3 трлн теңгеден асты, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,3%-ға көп.

Бұл ретте 2019 жылғы шілдеде тұтыну бағасы 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,8%-ға өсті.

«Азық-түлік тауарларының бағасы 6%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы - 2,4%-ға өсті, ал халыққа ақылы қызмет көрсету - 0,7%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 3,2%-ға өсті», - деп атап өтті комитет.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың I жарты жылдығында 45,6 млрд долларға жетті және 2018 жылдың I жарты жылдығымен салыстырғанда 1,7%-ға артты. Өз кезегінде экспорт 1,6%-ға төмендеумен 28,6 млрд долларды, ал импорт - 7,9%-ға өсумен 17 млрд доллардан астам соманы құрады.

Бұдан басқа, комитет тіркелген компаниялардың саны туралы мәліметтерді ұсынды. 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың саны бір жыл ішінде 2,4%-ға артып, 439,8 мыңнан асты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларға қатысты олардың саны 296,6 мыңды құрады.

Сонымен қатар, комитетте 2019 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 5,9 трлн теңгеден асқанын, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 5,4%-ға көп екенін айтты. Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 8,3% өсіммен 12,9 трлн теңгеден асты.

Похожие материалы