Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан экономикасындағы реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді

Қазақстан экономикасындағы реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді

Экономика мен мемлекеттік басқарудағы құрылымдық реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы» бағытында 5 іс-шара іске асырылатын болады.

«Әлеуметтік-экономикалық жағдай үшін туындайтын тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Ол:

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге,

- инфляцияны бақылау және төмендетуге,

- көлік-логистикалық тізбектегі алшақтықты қысқартуға,

- сыртқы сауда қызметін қолдау және ынталандыруға,

- экономика салаларын қолдау және инвестициялар тартуға бағытталған», - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, егіс науқанын сапалы жүргізу қамтамасыз етіледі. Оның ішінде фермерлерге жанар-жағармай материалдарының қажетті жеңілдікті көлемі бөлінеді, ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым және тыңайтқыш қорларының дайындығы тексеріледі.

«Бұдан басқа, саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы құрылымдық реформалардың жаңа топтамасын дайындау жоспарлануда», - деді ол.

Похожие материалы