Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан электромобильдерге литий батареяларын шығарады

Қазақстан электромобильдерге литий батареяларын шығарады

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz — Қазақстан электромобильдер үшін литий батареялары өндірісін іске қосу мәселесін қарастыруда, деп хабарлады Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов.

"Әлемдік тренд - барлық шетелдік автоөндірушілер электромобиль шығаруға көшуде. Олар 2020-2022 жылға қарай электромобильдерді сату 89%-ға жетеді деп санайды. Біз де артта қалмауымыз керек", - деді ол Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда литий батареяларын дайындауға арналған шикізаттың үлкен көлемі бар.

"Қазір электромобильдерде қолданылатын батареялардың қазақстандық болуы үшін біздің өндірушілер жұмыс істеп жатыр. Біздің ғылыми институттарымыз, Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы (МШКҚӨҰО) тапсырма алды, сондай-ақ Қазақстанда литий батареяларын қалай дайындауға болатынын зерттейді. Бізде шикізаттың жеткілікті көлемі бар. Біз тіпті жекелеген елдерді де оны қамтамасыз ете аламыз, болашақта экспорттай аламыз. Бұл жөнінде МШКҚӨҰО жұмыс істейді", - деді Ержанов.

Оның мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда қазір 200-ге жуық адам электромобильдерді иеленеді, оның 6-7-ін қазақстандық "СарыарқаАвтопром" және "Азия Авто" өндірушілері шығарған.

Сондай-ақ, Ержанов қазіргі уақытта электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Инфрақұрылым бойынша, қазір бұл жұмыс (электромобильдерге арналған батареялар) Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Нұр-Сұлтан-Щучье (Щучинск) трассасында белсенді жүргізілуде. Яғни, электр құю станциялары қойылады. Қалған қалалар мен облыс орталықтары бойынша, электромобильдердің санын арттыру бойынша, халықтың сұранысы бойынша, инфрақұрылым одан әрі дамитын болады", - деп түсіндірді ол.

Похожие материалы