Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

​Қазақстан елшісі БАӘ Вице-Президентіне Сенім грамотасын тапсырды

​Қазақстан елшісі БАӘ Вице-Президентіне Сенім грамотасын тапсырды

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Абу-Дабидегі Президент сарайында Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған елшісі Мадияр Меңілбековтің Біріккен Араб Әмірліктері Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға Сенім грамотасын тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Екіжақты кездесу барысында Елші Қазақстан-Әмірліктер қарым-қатынастары қазіргі таңда жоғары белсенділігімен және мемлекетаралық диалогтың тиімділігімен ерекшелетінін атап өтіп, «екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғалы бері саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әскери байланыстардың қарқынды дамып жатқанына» назар аударды.

Осы ретте, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жекелеген өзекті бағыттары, оның ішінде ҚР Президентінің 2017 жылғы қаңтардағы және 2018 жылғы наурыздағы БАӘ-не жасаған сапарларының қорытындылары, сондай-ақ жоғарғы деңгейдегі іс-шаралар жоспарына қатысты мәселелер аталып өтілді.

Әл Мактум қазіргі екіжақты әріптестік деңгейіне жоғары баға беріп, әмірліктер тарапының өзара тиімді, дәстүрлі достық байланыстарды әрі қарай нығайтуға әзірлігін растады.

Похожие материалы