Астана. 26 мамыр. 7kun.kz - Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары бүгін Еуропа қайта құру және даму банкінен 1 миллиард доллар көлемінде қарыз алу туралы келісімді мақұлдады.
Қарыз ақша «макроэкономикалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қаржыландыруға» жұмсалады, оның ішінде республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруды көздейді.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қарызды қайтару мерзімі — 20 жыл, өсімақы мөлшері — 1,5 пайыз болғанын, 2,5 жыл жеңілдік уақыты қарастырылғанын мәлімдеді.
Былтырғы жылдың аяғында Қазақстан Азиялық даму банкінен 2016 жылғы республикалық бюджеттің мұқтажы үшін 1 миллиард доллар қарыз алу туралы келісімге қол қойған еді.
Биыл наурыз айында республикалық бюджет бойынша қабылданған түзетулерге сәйкес, үстіміздегі жылдың бюджетіне 902,7 миллиард теңге (2,7 миллиард доллар) жетпейтін болады деп болжанған.