Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан футболында жаңа жұлдыздар жанды

Қазақстан футболында жаңа жұлдыздар жанды

Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласы «Астана-Арена» стадионында мектеп оқушылары арасындағы бұқаралық футболдан «Coca-Cola Былғары Доп» республикалық турнирінің финалы өтті.

Оқу жылының ішінде еліміздің мектептерінде ауылдар, қалалар, облыстар деңгейінде іріктеу ойындары өткізілді. Енді жас футболшылардың 17 мықты командасы астанада кездесті. 

«Турнир финалында Қостанай және Жамбыл облыстарынан келген командалар кездесті. Ойын 0:0 есебімен тең ойынмен аяқталды. Жеңімпазды пенальти анықтады. «Coca-Cola Былғары Доп» кубогы биыл Таразға бұйырды. Көптеген отандық әйгілі футболшылар кезінде «Coca-Cola Былғары Доп» турнирінен бастаған. Бүгінгі қатысушыларды премьер лиганың үздік командалары құрамынан көреміз деп ойлаймын. Балалар турнирдің өткізілу деңгейіне риза. Бүгін олар ұлттық құрамалар ойнайтын және халықаралық ойындар өтетін «Астана Арена» стадионында өнер көрсетті. Әрине, бұл жаттығу жұмысын қарқындатуға шабыттандырады», - деді Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов.

Coca-Cola компаниясы Қазақстанда ҚР Футбол Федерациясымен және ҚР ҒБМ жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене  тәрбиесі орталығымен бірлесіп бұл турнирді 13 жыл бойы өткізуде. Турнир тарихында оған 1 200 000 астам қазақстандық оқушы қатысты. Турнир отандық спорттың Бауыржан Исламхан, Рауан Сариев, Сергей Хижниченко, Серікжан Мүжіков, Алексей Щеткин және басқалар тәрізді жұлдыздарын өсірді. 

Турнирдің үздік бомбардирі алматылық Бағдат Оразалиев атанды. Ол 12 гол салды. Үздік қақпашы – Жамбыл облысының тумасы Нұрдәулет Қожамұратов. Ең мықты қорғаушы болып Нұржан Жомартов, ал үздік жартылай қорғаушы болып Қостанайлық Арназ Казымбеков танылды. Үздік шабуылшы Алматы облысынан келген Ерхан Кәрімов болды. Жамбыл облысының тумасы Әлисұлтан Миллязов турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Турнир «Бұқаралық футболды дамыту жөніндегі ең маңызды жыл оқиғасы» (2006 ж.) және «Жылдың үздік демеушілік жобасы» (2012 ж.) ретінде УЕФА дипломдарымен екі мәрте марапатталды.

Похожие материалы