Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнайды қашан жөнелтіп бастайды – министр жауабы

Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнайды қашан жөнелтіп бастайды – министр жауабы

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Ертең қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы Германияға жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, 20 мың тонна мұнай «Дружба» құбыры арқылы жөнелтіледі.

«Кеше процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Бүгін басталатынына қатты үміттенемін. Бұл енді компанияның, жүк жөнелтушілердің ішкі келісімшарттық стратегиясы ғой. Синоптиктердің болжамы бойынша бейсенбі сағат 16:00-де ауа райы қалпына келеді, бұл танкерлерге акваторияға кіруге және жүкті тиеп бастауға мүмкіндік береді», - деді Ақшолақов.

Қазақстан мұнайдың алғашқы партиясын Германияға қаңтардың басында жөнелтуді жоспарлаған еді. Кейін бұл жұмыс ақпанның бірінші жартысына шегерілді. Министр қазіргі уақытта жөнелту тоқтағанымен, мұнай өндіру жалғасып жатқанын атап өтті.

Похожие материалы