Астана. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан халқының саны 1 қарашадағы жағдай бойынша 19,7 миллион адамға жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросында.
«Ел халқының саны 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 19 715,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар - 12 169,1 мың (61,7%), ауыл тұрғындары - 7 546,1 мың (38,3%)», - делінген бюроның сейсенбідегі хабарламасында.
2022 жылдың басынан бері халық саны 212 мың адамға немесе 1,1%-ға өсті.
Қаңтар-қазан айларында республикаға келгендер саны 12 926 адамды, елден кеткендер саны 21 875 адамды, көші-қон сальдосы 8 949 адамды құрады.