Қазақстан медициналық туризмді дамыту рейтингісінде Оңтүстік Кореямен теңесті
Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Медициналық туризмді дамыту әлеуеті рейтингісінде Қазақстан Колумбия және Оңтүстік Корея елдерімен бір қатарға орналасты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Economist Intelligence Unit-тің денсаулық сақтау индексіне сәйкес республикадағы өсім деңгейі 10 балдық өлшеммен 7,5 балға бағаланды.
Бірінші үштікте Нидерланды (9,1 балл), Франция (9 балл) және Германия (9 балл) орналасты. 20 орынды Чили (7,3 балл) , Румыния (7,3 балл) және Түркия (7,3 балл) бөлісті.
Есепте атап өтілгендей, Қазақстанды қоса алғанда, бірнеше дамушы елдер медициналық туризм индустриясын арттыру бойынша жоғары бағаланды және кейбір дамыған елдерден озып үлгерген.
2019 жылы жаһандық медициналық туристік индустрияның өсу қарқыны 17,9%-ды құрап, 32,5 млрд долларға жетеді деп болжанып отыр.