Нұр-Сұлтан. 20 шілде. 7kun.kz – Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылын екі аптаға ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығы жобасында хабарланды.
Құжатқа сәйкес, бірінші сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.
«Қосымша екі оқу аптасын қосу оқу жылындағы бір күндегі сабақтар санын азайтуға, күрделі тақырыптарды оқу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамытушылық оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – делінген бұйрықтың түсіндірме жазбасында.
Сондай-ақ, жазғы кезеңде каникул күндерінің санының қысқаруы өткен оқу жылындағы білімнің бір бөлігін жоғалту қаупін және құқық бұзушылықтар санын азайтып, оқушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттанушылығын төмендетеді.