Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 77 млн теңгені құрады.
2017 жылы өзара сауданың өсу қарқыны ұлғая түскен. Осылайша, 2018 жылғы қаңтар-шілдедегі нәтижелерге сәйкес, Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 67%-ға өсті.
Қазіргі таңда Қазақстан Грузияға мұнай өнімдерін, азот тыңайтқышын, макарон өнімдерін, темірден жазық прокат, темекі, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмек экспорттайды. Грузиядан Қазақстанға импортталатын тауарларға шарап, алкольсіз сусындар мен сулар, спирттік тұндырма, металл құбырлар, вакциналар, сүт пен қойылтылған кілегей жатады.