Қазақстан. 21 шілде. 7kun.kz – Қазақстан мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымы 6,3 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Соңғы бес жылда Қазақстанның Орталық Азияның басқа елдерімен тауар айналымы 42%-ға өсіп, 6,3 млрд долларға жетті», – деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуінде.
Тоқаев көпжақты ынтымақтастық үшін берік экономикалық базаны қалыптастыру өзекті міндет болып қала беретінін атап өтті.
«Өзара сауданы ұлғайту үшін орасан зор резервтердің бар екенін ескере отырып, жақын болашақта бұл көрсеткішті 15 миллиард долларға жеткізу қажет», – деді президент.