Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Қытай шекарасында жаңа бақылау пункті ашылды

Қазақстан мен Қытай шекарасында жаңа бақылау пункті ашылды
28 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz -   «Алматы облысының Панфилов ауданында «Нұр Жолы» автокөлік бақылау пункті және қазіргі заманға сай көлік-логистикалық орталығы ашылды. Жобаға шамамен 70 миллиард теңге инвестиция салынды»,- деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпараттық орталығы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі және «Евротрансит Терминал» ЖШС бірлесіп жүзеге асырды. [caption id="attachment_95624" align="aligncenter" width="620"] kapital.kz[/caption] Жаңа бақылау бекеті шекарадан ауыр жүк көліктері мен автокөлік және жолаушылар автобусын өткізуге арналған. Көлемі 2500 көлік сыйымдылығымен 25 гектар жерді алып жатыр. Бақылау пунктінің аумағы екі аймаққа бөлінеді: жүк және жолаушы. «Нұр Жолы» әлемдегі техника, көлік құралдарының жылдамдығы және кешенді бақылаудың интеграцияланған жүйесі тұрғысынан теңдесі жоқ жаңа бақылау пункті ретінде бағаланып отыр. Осылайша,   40 минутқа дейін жүк машиналарын өту уақытын қысқартып, ал адами фактордың әсерінен туындайтын мәселенің азаюына мүмкіндік береді.

Похожие материалы