Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Түркия машина құрастыру ісі бойынша келісімге қол қойды

Қазақстан мен Түркия машина құрастыру ісі бойынша келісімге қол қойды

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Анкарада қазақстан-түркиялық инвестициялық форумы шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «TCDD Tasimacilik A.S.» АҚ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды «ҚТЖ» баспасөз қызметі.

Теміржол көлігі саласындағы, соның ішінде машина құрастыру ісі бойынша екіжақты қатынасты нығайтуға арналған құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев пен «TCDD Tasimacilik A.S.» АҚ бас директоры Вейси Курт қол қойды.

Келісім арқылы Транскаспийлық халықаралық көлік дәлізі шеңберінде ҚР мен ТР аумағындағы көліктік-логистикалық жүйе мен транзиттік әлеуетті дамыту саласындағы бірлескен жұмыстар қарастырылады.

«Біздің елдер арасында Баку-Тбилиси-Карс темір жол желісі мен Каспийдегі порттық инфрақұрылым трансқұрлықтық тасымалдың өсу қарқынына ықпал ететін мультимодальды Транскаспийлік дәліз құрылды. 2018 жылы былтырғыға қарағанда темір жол және автомобиль жолы арқылы тасымал өсімі төрт есе болады деп күтілуде. 2020 жылға қарай тасымал көлемін 5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделуде», - деді Қанат Алпысбаев.

Келісім шеңберінде тараптар сонымен қатар Қазақстанға және кері бағытта, Қытайдан Түркияға және кері бағытта жүретін жүктер үшін «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да шоғырландыру және дистрибуциялау орталығын құруға, контейнерлерге бәсекеге қабілетті тарифтік шарттар қоюға уағдаласты.

Похожие материалы