Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 2 есеге артты

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 2 есеге артты

Алматы. 31 қазан. 7kun.kz – Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Әзірбайжан Республикасының Энергетика министрі Парвиз Шахбазовтың екі жақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында ведомство басшылары сауда, инвестиция, экспорттық операциялар сияқты салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Жеңіс Қасымбек 2017 жылдың сәуірінде Мемлекет басшысының Әзербайжанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтардың сәтті жүзеге асырылуын атап өтті. Нақты айтқанда, екі ел арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың алғашқы 8 айында 2 есеге артып, 168 млн. долларды құрады (2017 жылдың осындай кезеңі - $ 81,5 млн.). Өз кезегінде Парвиз Шахбазов үкіметаралық комиссияның кездесулері, әртүрлі саладағы серіктестермен қарым-қатынас орнату және екі елдің іскер топтарының кездесулерін ұйымдастыру арқылы қатынастарды тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. Кездесу соңында тараптар кездесуге ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстаннан Әзербайжанға экспорт 134,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,3%-ға жоғары. Ал, импорт 33,5 млн. долларды құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 75,7% артық.

Похожие материалы