Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мұнай эспортын 30%-ға арттырды

Қазақстан мұнай эспортын 30%-ға арттырды

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтарында шикі мұнай экспорты 6,4 млн тоннаны құрады. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеткізу 29,9%-ға өскен.

Ағымдағы жылдың ақпанында осы өнімдерді экспорттаудан түскен түсім 40,5%-ға 3,3 млрд долларға дейін өсті.

Қаңтар айында Италия 981,9 млн долларға 1,8 млн тонна, Франция - 1 млн тонна (527,6 млн долларға), Швейцария - 718,2 мың тонна (340,3 млн АҚШ долларына), Нидерланды - 438,4 мың тонна (237,7 млн долларға) қазақстандық мұнай өнімдерін импорттады.

Корея 227,9 млн долларға 442,7 мың тонна, Испания - 191,3 млн долларға 353,1 мың тонна, Малайзия - 142 млн долларға 251,0 мың тонна, Қытай - 118,3 млн долларға 230 мың тонна мұнай сатып алды.

Бұл ретте Қазақстан Грекияға 189,2 мың тонна (92,4 млн доллар), Түркияға - 175,9 мың тонна (90,7 млн доллар), Сингапурға - 163,5 мың тонна (78 млн доллар), Румынияға-160,2 мың тонна (90,3 млн доллар) жеткізді.

Похожие материалы