Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мұнайды KEBKO атымен экспорттайтын болды

Қазақстан мұнайды KEBKO атымен экспорттайтын болды

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ) және басқа да қазақстандық мұнай компаниялары шикізатты экспортқа жөнелткен кезде KEBKO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) атауын көрсетеді. Бұл туралы ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев айтты.

«Маусым айынан бастап ҚМГ және басқа да қазақстандық компаниялар ілеспе құжаттарда мұнайдың шығу тегі туралы сертификатта мұнайдың Қазақстаннан шыққанын баса көрсету үшін KEBKO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) деп көрсетеді», - деді ол сейсенбі күні өткен брифингте.

Бұған дейін Reuters агенттігі Қазақстанда Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуіне байланысты Ресейлік мұнайдан ажырату және санкциялық тәуекелдер мен қаржыландыру мәселелерін болдырмау үшін Ресей теңіз порттары арқылы экспортталатын мұнай брендінің атауын өзгертетінін хабарлаған.

Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» – мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүддесін білдіретін көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. Компания акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына, 9,58%-ы ҚР Ұлттық банкіне тиесілі.

Похожие материалы