Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан нарығына DiDi такси оралуы мүмкін

Қазақстан нарығына DiDi такси оралуы мүмкін

Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан қытайлық DiDi компаниясымен нарыққа оралу туралы келіссөз жүргізуде. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мәжілісте өткен үкімет сағатында министр депутаттардың отандық нарықта «Яндекс.такси» агрегаторына бәсекелес пайда бола ма деген сұрағына жауап берді.

«Біздің нарыққа DiDi деген қытайлық оператор келді, сосын ол кетіп қалды. Яндекс жалғыз қалды. DiDi келсе, екеуі қатар жұмыс істесе, бәсекелестік орта болса, мұндай бағалар болмас еді деп ойлаймын. Сондықтан осы тұрғыда тергеу жүргізудеміз. Ал біз DiDi-мен біздің нарыққа келуі бойынша қайта келіссөз жүргізілуде», – деді Мусин.

Сондай-ақ министр такси қызметін ұсынатын қазақстандық қосымша жасауға бірнеше адам талпынғанын, алайда олардың қолдарынан келмегінін атап өтті.

«Ол нарықтық орта, бизнес. 100 млн доллармен шектеліп қалмаған бизнес. Оны жасау үшін тек қана қаражат емес, жақсы толыққанды команда керек. Бірақ осыған бет бұрған компаниялар бар. Бірақ оларды қазір атай алмаймын», – деді Бағдат Мусин.

Похожие материалы