
Алматы. 1 қазан. 7kun.kz - Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің өсімі Армения мен Қырғызстанға қарағанда аз болды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
Республиканың өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2019 жылдың қаңтар-тамызында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға өсті.
Армения мен Қырғызстанда есептік кезеңдерде өңдеу өнеркәсібі тиісінше 10,4%-ға және 20,8%-ға ұлғайды. Осылайша, Қазақстанды басып озды.
Ресей мен Беларусьте өңдеу өнеркәсібінің көлемі тиісінше 2,1%-ға және 0,9%-ға өсті.
Жалпы, ЕАЭО елдеріндегі өндірістің жиынтық көлемі 2019 жылдың сегіз айында 2018 жылдың сегіз айымен салыстырғанда 2,2%-ға артты.
Өз кезегінде, Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде өсім 3,1%-ды құрады.
Бұл ретте Ресейде осы сектордағы көлемдер 3,8%-ға, Қырғызстанда – 18,8%-ға және Арменияда - 3,7%-ға өсті.