Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан пайдалануға берілетін тұрғын үй азайды

Қазақстан пайдалануға берілетін тұрғын үй азайды

Алматы. 09 тамыз. 7kun.kz - Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта орындалған құрылыс жұмыстарының өсуі бойынша көшбасшы болды. Алайда, Қазақстан пайдалануға берілетін тұрғын үйді қысқартқан Одақтағы жалғыз мемлекет атанды.

Қазақстанда 2019 жылдың І жартыжылдығында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға өсті. Бұл өсім ЕАЭО-да ең жоғары болды, деп Еуразиялық экономикалық комиссияның деректері куәландырады.

Мәселен, Ресейде бұл көрсеткіш 0,1%-ға, Беларуссияда - 1,3%-ға өсті. Арменияда және Қырғызстанда керісінше 19,1% және 0,1% төмендеу байқалды.

Жалпы ЕАЭО-да орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 0,8%-ға өсті.

Тұрғын үйді пайдалануға беруге келетін болсақ, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан төмендеу тіркелген Одақтағы жалғыз ел болды - 1,9%.

Ресейде - 3,7%-ға, Қырғызстанда – 11,2%-ға, Беларусьте - 1,5%-ға және Арменияда - 38,5%-ға өскені байқалады.

ЕАЭО-да тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы көлемі 2019 жылдың І жартыжылдығында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,9%-ға өсті.

Похожие материалы