Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан қор биржасында шетел валютасымен сауда-саттық тоқтатылды

Қазақстан қор биржасында шетел валютасымен сауда-саттық тоқтатылды

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен сауда-саттық тоқтатылды. Бұл туралы биржа сайты хабарлады.

"KASE техникалық себептерге байланысты Қазақстан қор биржасында шет ел валютасымен сауда-саттық тоқтатылды деп хабарлайды. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады", - делінген хабарламада. Forex Club сарапшысы Анатолий Ахметовтің айтуынша, кейде мұндай жағдайлар болып тұрады. "Мұның барлығы жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін программистерге байланысты. Мысалы, мұндай жағдай Мәскеу биржасында үш айда бір рет болып тұрады. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, бізде сауда көлемі аз әрі саудаға қатысушылар саны 30-дан аспайды", - деді сарапшы. 

Похожие материалы