Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан құрақ қант импортын қысқартты

Қазақстан құрақ қант импортын қысқартты

Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан 43,4 млн долларға 100,6 мың тонна құрақ қант импорттады.

Заттай көріністе сатып алу 46,6%-ға, ал ақшалай алғанда – 44,5%-ға азайды.

Аталған тауардың Қазақстанға ірі жеткізушісі Ресей. Бұл мемлекет 40,9 мың тонна құрақ қантын 21,1 млн долларға жеткізген.

Бразилия Қазақстанға осы өнімнің 39,6 мың тоннасын 13,2 млн долларға, ал Беларусь – 12,7 мың тоннаны 5,7 млн долларға сатты.

Бұл ретте Польша 2,5 млн долларға 5,4 мың тонна қант жеткізді.

Ал, Қырғызстаннан 658,2 мың долларға 1,3 мың тонна тауар сатып алынды.

Похожие материалы