
Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінің арасында құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша екінші орында тұр.
Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараты бойынша, 2017 жылы одақта 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл алдыңғы көрсеткіштерден 3,8% жоғары. Аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 6,4 млрд долларды құрады.
Бұл ретте Қазақстанның үлесі 14,9%-ды құрады. Ресейдің үлесі жоғары - 79,1%. Одан кейін Беларуссия - 5,3%, Қырғызстан - 0,7%, Армения - 0,04%.
Сонымен қатар Қазақстанда жылжымайтын мүлікке деген жоғары сұраныс екі факторға негізделген: тұрғындардың өсуі (табиғи өсім 15,5%) және «Нұрлы Жер» мемлекеттік ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы, ол үй сатып алуларының өсуін ынталандырды.