Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша әлем елдері ішінде 47-орында

Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша әлем елдері ішінде 47-орында

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 142 елдің ішінде 47-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Finprom.

Ел индексі 53,04 құрады. Ол халықтан сауалнама жүргізу бойынша жасалған бағаларға негізделген. Қылмыс индексі – бұл қаладағы немесе елдегі қылмыстың жалпы деңгейін бағалау. Сарапшылар бұл көрсеткішті 20-ға дейін өте төмен, 20-дан 40-қа дейін төмен, 40-тан 60-қа дейін-орташа, 60-тан 80-ге дейін-жоғары, 80-ден жоғары-өте жоғары деп есептейді.

Әлемдегі қылмыс деңгейі ең жоғары рейтингті Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан болса, тізімнің соңына Катар орналасты.

Рейтингке сәйкес, қылмыс деңгейі ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Беларусь пен Қырғызстанда жоғары, ал Молдова, Украина, Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда қылмыстық деңгей салыстырмалы түрде төмен.

Ресми статистикаға сәйкес, жыл басынан бері Қазақстанда 10 мың адамға шаққандағы құқық бұзушылық деңгейі 91,5-ті құрады, бір жыл бұрын 91,8 болатын.

Өңірлік тұрғыда қылмыстың ең жоғары деңгейі Алматыда байқалды: 10 мың адамға шаққанда 191,5, бір жыл бұрын 140,5 болған. Антилидерлер үштігіне астана мен Батыс Қазақстан облысы кірді. Ең жақсы көрсеткіш – Түркістан облысына тиесілі: облыстың 10 мың тұрғынына 32,2 құқық бұзушылық тіркелді.

Похожие материалы