
Алматы. 29 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың бес айында Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен тауар айналымы 318,3 млн долларды құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға аз, деп хабарлайды Ranking.kz.
Қырғызстанға экспорт 16,6%-ға 217,5 млн долларға дейін қысқарды. Қырғызстаннан Қазақстанға импорт, керісінше, бір жыл ішінде 6,3%-ға өсіп, 100,8 млн долларды құрады.
Қазақстан 2019 жылдың бес айында Қырғызстанға негізінен мал және өсімдік өнімдерін (32,2% үлесімен) және минералды өнімдерді (28% үлесімен) жеткізді.
Қырғызстаннан Қазақстанға әкелінетін барлық тауарлар көлемінің 50,6%-ын ақшалай мәнде минералды өнімдер, тағы 16%-ын мал және өсімдік тектес өнімдер (дайын азық-түлік тауарлары) құрады.