Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан 2019 жылдың І жартыжылдығында 300,9 млн долларға 24 мың тонна киім әкелді.
Заттай көріністе жеткізу 40,8%-ға, ал ақшалай көріністе – 26,7%-ға өсті.
Ең үлкен көлем Қытайдан жеткізілді. Қазақстан осы елден 87,2 млн долларға (2,6 есе өсім) 9 мың тонна (2,5 есе өсім) киім сатып алды.
Бұдан басқа, Өзбекстан 9,9 млн долларға (өсім 5%-ға) 5,3 мың тонна (өсім 1,6 есе), Ресей – 76,2 млн долларға (өсім 14,3%-ға) 4,9 мың тонна ( өсім 2,1 есе), ал Түркия – 63,8 млн долларға (өсім 26,1%-ға) 3 мың тонна киім (өсім 40,1%-ға) жеткізді.
Бангладеш Қазақстанға 665,2 тоннаны 15,9 млн долларға, Беларусь – 219,9 тоннаны 4,4 млн долларға, Үндістан – 94,5 тоннаны 3,5 млн долларға, Камбоджа – 87,4 тоннаны 2,7 млн долларға, Пәкістан – 87,2 тонна 1,6 млн долларға сатты.
Сондай-ақ, Мароккодан (2,9 млн долларға 57,5 тонна), Қырғызстаннан (345,9 мың долларға 50,9 тонна), Вьетнамнан (1,9 млн долларға 44,1 тонна), Египеттен (41 тонна 977,9 мың долларға), Италиядан (13,3 млн долларға 40,8 тонна), Түркіменстаннан (155,9 мың долларға 38 тонна), Ираннан (58,6 мың долларға 37,2 тонна), Португалиядан (2,4 млн долларға 30,7 тонна), Мьянмадан (84,5,4 мың долларға 24,5 тонна) және Украинадан (548,8 мың долларға 10,5 тонна) киім-кешек алынды.