Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Қытайға 50 тонна ядролық отын сатады

Қазақстан Қытайға 50 тонна ядролық отын сатады

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысында жылу бөлетін құрастырма зауытының құрылысы 49 млрд теңге көлемінде бағаланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігінде хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бұл соманың 30%-ы жеке қаражаты, 70%-ы - қарыз қаражаты.

«Дайын өнім шығаратын кәсіпорынның қуаты жылына 200 тонна ядролық отынды құрайтын болады. Кәсіпорын жобалық қуатқа 2023 жылы шығуды жоспарлап отыр. Осы жоба аясында 129 жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деді министрлікте.

Сонымен қатар, жылу бөлетін құрастырмалар Қытай АЭС-на толығымен экспортталады. Алғашқы сынақ жеткізілімі 2021 жылы 50 тонна ядролық отын көлемінде болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Өскеменде қытайлық әріптестермен бірге отын құрастыру зауыты салынуда. Ол 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Кәсіпорын құрылысы 2016 жылы басталды.

Похожие материалы