Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — Қазақстан Қытайға мұнай жеткізуді жылына 6-7 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.
Осыған байланысты 2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай ағындарын батыстан шығыс бағытқа айналдырады. Мұндай шаралар ресейлік "Транснефть" арқылы транзиттік жеткізуді қысқартуға алып келеді.
"МұнайТас мұнай құбыры реверсінің жобасы аяқталғаннан кейін 2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнайының Қытайға экспортын жылына 1 миллионнан 6-7 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік туады", - деп мәлімдеді Мағауов.
Реверс Кеңқияқ-Атырау ішкі құбырында болады, ол қазір батыс бағытта шикі мұнайды жеткізу үшін пайдаланылып жатыр.
"Бұрын құбыр Кенкияктен Атырауға қарай жұмыс істеді, енді мұнайды кері бағытта жүктеу керек, ол неғұрлым ауыр, мұнда қосымша сорғы станцияларын салу бойынша жаңғырту қажет болады", - деп толықтырды Энергетика вице-министрі.
Айта кетейік, Кеңқияқ-Атырау құбырын қайта бөлу Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындарын мұнай өңдеу зауыттарымен байланыстырады.
Қазақстан мұнайының Қытайға экспорты өткен жылы 1,3 млн тоннаға дейін қысқарды.