Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін уақытша жабады

Қазақстан Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерін уақытша жабады

Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz – 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 1-3 қазан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүргізілмейтінін хабарлайды», – делінген хабарламада.

Ал Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.

Похожие материалы