Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Ресейден әкелінген өнімдерді шекарадан өткізбеді

Қазақстан Ресейден әкелінген өнімдерді шекарадан өткізбеді

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекторлары Ресейден әкелінген өнімдерді шекарадан өткізбеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінде хабарлады.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың алғашқы аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан ел аумағына қауіпі жоғары өнімдерді заңсыз алып кірудің 8 жағдайын анықтаған.

"Көрші Ресей елінен фитосанитариялық сертификаттары болмаған 81 тонна банан, 37 тонна картоп және 20 тонна сәбіз өнімдері, сондай-ақ қаптамасында таңбасы болмаған 3 тонна бидай тұқымдары кіргізілмек болған", - делінген хабарламада.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес  аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған.

Өз кезегінде, жүктер Ресей Федерациясына еліне кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Похожие материалы