Нұр-Сұлтан. 22 маусым. 7kun.kz – Қазақстан Ресейден қауіпті консерванттарға байланысты «энергетикаға» бақылауды күшейтуді талап етуде. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының сауда желісінде сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу нәтижесінде Monster Energy (173,72 мг/л) мен Flash up energy алкогольсіз энергетикалық газдалған сусындарында натрий бензоатының (Е211) және кофеин мен таурин (163,3 мг/л) артқанын анықтады. Комитет Роспотребнадзорға осы өндірушілердің өнімдерін күшейтілген зертханалық бақылауға алу туралы хабарлама жіберді», - делінген хабарламада.
Сусын өндірушілер – «Baltika Brewing Company» ЖШС (Ресей Федерациясы) және Refresco Benelux B.V (Нидерланды Корольдігі).
Сондай-ақ өнім сатылымнан алынып тасталғаны, ал жеткізушіге сусындарды айналымнан шығару шараларын қолдану тапсырылғаны атап өтілді.
Комитет хабарлауынша, натрий бензоаты қауіпті, себебі ол денеде жиналуы мүмкін.