Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ритейл нарығының дамуы рейтингісінде алғашқы бестікке кірді

Қазақстан ритейл нарығының дамуы рейтингісінде алғашқы бестікке кірді

Дамушы елдер арасында Қазақстан - бөлшек сауда инвестициялары үшін ең ыңғайлы мемлекеттердің бірі. Бөлшек сауданың (ритейл) дамуы жөніндегі Кирни зерттеу институтының халықаралық индексінде Қазақстан жалпы 100 ұпайдан 56,5 иеленіп, Малайзиядан кейінгі төртінші орынға жайғасқан. A. T. Керни консалтингтік фирмасы осындай қорытынды шығарды деп хабарлайды CNBC порталы.

Керни зерттеулері қазіргі уақыттағы тартымды нарықтарды ғана емес, болашақта потенциалға ие болатын нарықтарды да есептейді. Оңтүстік-Шығыс Азиялық Керни зерттеу институтының жетекшісі Чуа Сун Джидің айтуынша, Қазақстан экономикасы болашақта жылдам қарқынмен дамитын болады. Бұл елдегі бөлшек сауда өзге елдердегідей дамымаған. Сондықтан Қазақстан нарығы халықаралық бөлшек саудагерлерінің (retailer) қызығушылығын оятпақ. Ірі халықаралық бөлшек саудагерлері қазірдің өзінде Қазақстан нарығында байқала бастаған. Мысалы, «Carrefour» француз супермаркеттер желісі осы жылдың ақпанында ашылған болатын. Ал тұрғын үй тауарларын сататын келесі бір француздық компания – «Leroy Merlin» Алматының үш жерінде ашылмақ. Фастфудт алпауыты – McDonalds фирмасы Астанада наурыз айынан бері істеп келеді. Ал KFC-дің Қазақстанға келгеніне 10 жылға жуықтап қалды. «Қазақстан Орта Азияда мұнай экспорттайтын Ресейден кейінгі екінші ірі мемлекет. Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, бөлшек сауда секторы – ел экономикасын көтерудің негізгі көзі болып санала бастады. Үкімет мұны түсініп, шетелдік инвесторлар мен халықаралық брендтерді елге тарту үшін жұмыстар атқарып жатыр» дейді Чуа Сун Джи. Осыған қарамастан, инвесторлар мол мүмкіндіктерге әлі де сенімді емес. Мұны Қазақстанға салынған инвестициялар көлемінің азайып кетуінен байқауға болады. Ұлттық Банктің хабарлауынша, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында елімізге тартылған тікелей инвестиция көлемі - 3,3 млрд АҚШ доллары. Бұл өткен жылдың осы уақытында тартылған инвестициялардан 27,2 пайызға аз. Индекстің көшбасшысы – 72,6 ұпаймен Қытай болса, екінші орынға 71 ұпаймен Үндістан тұрақтаған. Толық рейтингті мына жерден көре аласыз. Индекс мемлекет нарығындағы төрт түрлі категория негізінде құрастырылған: 1. Бизнес-тәуекелдердің деңгейі 2. Нарықтың тартымдылығы – нарықтың тұтынушыларды тарта білуі 3. Нарықтағы сұраныс мөлшері – тауарға немесе қызметке сұраныстың деңгейі 4. Уақыт қысымы – белгілі бір уақыт аралығында нарықтағы бөлшек сауданың қаншалықты жылдам дамитыны, сонымен қатар, саудагердің нарыққа кіру кезінде нарық қысымына қаншалықты ұшырайтыны.

Похожие материалы