Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан сайлаушыларының 72,9%-ы дауыс берді – ОСК

Қазақстан сайлаушыларының 72,9%-ы дауыс берді – ОСК

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешовтің айтуынша 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушыларының 72,9%-ы дауыс берді.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 18:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 72,9 пайызы сайлау бюллетендерін алды», - деді Бақыт Мелдешов.

Ақмола облысы бойынша 81,  Ақтөбе облысы бойынша 84,1, Алматы облысы  бойынша 86,3, Атырау облысы бойынша 71,1, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 77,2, Жамбыл облысы бойынша 73,8, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,2, Қарағанды облысы бойынша 72,8, Қызылорда облысы бойынша 69,1, Қостанай облысы бойынша 81,1, Маңғыстау облысы бойынша 65,7, Павлодар облысы бойынша 73,1, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 75,7, Түркістан облысы бойынша 78,8, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 63,7, Алматы қаласы бойынша 49,2, Шымкент қаласы бойынша  63,6 пайыз дауыс берген.

Похожие материалы